Литературно-музыкальный вечер

                         к 200-летию Сүйінбай Аронұлы

     Қаскелең  Гуманитарлы-Техникалық  колледжінде 20.11.2015 күні « Сөздің пірі –Сүйінбай » атты Сүйінбай Аронұлының туғанына 200 жыл толуына байланысты әдеби-сазды кеш өтті.Кешке зиялы қауым- Әлібек Асқар- жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық кітапхананың бас директоры. Нағашыбек Қапалбекұлы- жазушы,  Халықаралық «Алаш» сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, академик, профессор. Жанарбек Әшімжан- «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры, Жазушылар Одағы басқарма бастығының  орынбасары, ақын. Журналист, «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы, Қазақстан журналистика академиясының жалпы ұлттық «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты-Айнаш Есәлі сияқты қадірлі қонақтарымыз болды. Кеште  студенттер ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Сүйінбай мен Қатағанның » және «Сүйінбай мен Тезек төренің » айтыстарынан үзінді көрсетті.

 

     Кешке қатысқан әрбір көрермен осы кештен өз бойына нәр жинап, ризашылықпен тарады.